Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің басты тақырыптары

1437718
Әлем баспасөзіне шолу

Al Quds Al Arabi: Иордания королі ІІ Абдуллах: Израильдің Батыс Шериядағы кейбір жерлерді аннексиялауға бағытталған бір әрекеті Таяу Шығыста тұрақтылыққа қауіп төндіреді. 

Al Raye Al Qatariyye (Катар): Коронавирус дағдарысы отбасы қатынастарын нығайтты. 

Al Jazeera (Катар TV): Тарихи шерулерден кейін АҚШ президенті Дональд Трамп полиция ұйымының реформасына қол қойды. 

Deutsche Welle: Ливия және Шығыс Жерорта теңізінде халықаралық келіспеушілік артқан кезде президент Режеп Тайып Ердоған мен Германия канцлері Ангела Меркель видео конференция арқылы сөйлесті. 

Nachrichten.de: Германия канцлері Меркельдің Еуропа бойынша бұрынғы ақылшысы Майер-Ландрут Еуропа Одағының Түркия өкілі болды. 

Tagesschau.de: Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайер неміс азаматтарының нәсілшілдік жөнінде өзін-өзі сынға алуын сұрады. 

El País (Испания): Испания мемлекет басшысы Педро Санчес Covid-19-дан кейінгі кезеңді жоспарлау үшін таңдаулы 100 экономистпен келісті. 

La Vanguardia (Испания): Сovid-19 Иберия авиакомпаниясын толығымен құлдыратты, компания көмек алмаса жалғастыра алмайтын жағдайға келді. 

Telesur (Венесуэла): Венесуэла үкіметі Covid-19-ға қарсы халық денсаулық сақтау жүйесін нығайтуға шешім берді. 

Le Parisien (Франция): Карантин кезінде өзіне қол жұмсау пікірлері артты. 

Le Figaro (Франция): Алдымыздағы күндері Францияда Covid-19-ды кәсіптік ауру деп танитын жарлықтар шығарылады. 

Le Monde: Францияда медиктердің акциясы: бір медбикеге жасалған қимыл елде таласқа себеп болды. 

TASS ақпарат агенттігі:  АҚШ Сыртқы істер министрлігінің бұрынғы мәлімдемешісі Виктория Нуланд АҚШ органдарына орыстарға деген ықпалын арттыруға кеңес берді. 

lenta.ru ақпарат парақшасы: Ресей Қауіпсіздік кеңесінің төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев коронавирус эпидемиясының Ресей экономикасына үш соққы енгізгенін айтты. 

‘Kommersant’ газеті:  Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Мәскеуде Иран Сыртқы істер министрімен кездесті. 

ҚазИнформ ақпарат агенттігі: Парламент Халық денсаулығы туралы кодексті қабылдады.

Егемен Қазақстан газеті: Халықаралық рейстер кестеге сәйкес орындалады.



Ұқсас жаңалықтар