Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің басты тақырыптары

1433104
Әлем баспасөзіне шолу

Le Soir: Коронавирус: Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына (ДДСҰ) қарағанда, бүкіл әлемде жағдай нашарлауда.

France 24: Францияның бас қаласы Париждегі (коронавирус шаралары аясында жабылған) Эйфель мұнарасы 25 маусым күні келушілерге ашылады.

Le Monde: Джордж Флойд АҚШ-та жерленді, бұл тақырыпта президент Дональд Трамп ешбір мәлімдеме жасамады.

Al Quds Al Arabi: Израиль Жоғары соты Палестинаға тиесілі арнайы мекендердің аннексия шешімінің «Атазаңға қарама-қайшы» екенін жариялады.

Al-Dustour (Иордания): Коронавирус: Палестинада араларында балалар да бар 7 жаңа Сovid-19 оқиғасы тіркелді. Ливияда болса шетелден оралғандар оқиға санын арттырды.

Al-Raya (Катар): Катар бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ның Ванда бір автобусты нысанаға алған шабуылын қатаң түрде айыптап, Түркияға көңіл айтты.

Deutsche Welle: Жасылдар партиясы неміс атазаңында орын алған «нәсіл» сөзін алып тастауды талап етті.

Börsen-Zeitung.de: Грекия мен Италия Жерорта теңізінде Айрықша экономикалық аймақ құру тақырыбында келісті.

 Tagesschau.de: Неміс экономикасының омыртқасы болып қабылданған экспорт Сovid-19 шаралары себепті соңғы 70 жылдың ең төмен көрсеткіштеріне шегерілді.

Clarín (Аргентина): Пан-Американ Денсаулық сақтау ұйымы маусым айының Латын Америка елдері тұрғысынан Сovid-19 эпидемиясымен күресте маңызды бір кезең екенін ескертті. 

La Vanguardia (Испания): Испанияда «жаңа қалыпты өмір» туралы жарияланған жаңа ережемен әлеуметтік қашықтық 1,5 метрге қысқарды.

El Mundo (Испания): Испания университеттері жұмыспен қамдаудағы әлсіздігі себепті халықаралық салада абыройын жоғалта бастады.

РИА Новости агенттігі: Кремль мәлімдемешісі Песков Ресейде коронавируспен байланысты статистиканың әдейі төмен көрсетілгені жайлы қауесеттерді теріске шығарды.

Известия газеті: Орыс сенатор Алексей Пушков Ресейді дұшпан ел ретінде қабылдауды ойлаған Румынияның АҚШ-тың Ресейдің басқыншылығы туралы жасанды және баршаға мәлім тизистерін қайталағанын атап көрсетті.

TASS Ajansı: Ресей эпидемия салдарынан пайда болған дағдарыстың артынан ең жылдам күшейетін 5 елдің қатарында атап көрсетілді.

ҚазИнформ агенттігі: «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ бірқатар активтерін жекешелендіру кейінге қалды.

Егемен Қазақстан газеті: Әскери мүлікті пайдалануға өзгеріс енгізіледі.



Ұқсас жаңалықтар