Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің басты тақырыптары

1410275
Әлем баспасөзіне шолу

 

Al Jazeera (Катар TV): Ливия Ұлттық Келісім үкіметінің күштері Триполидің оңтүстігінде жаңа аймақтардың бақылауын алды. 

Al-Raya (Катар): ЮНИСЕФ: 15 миллион бала Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка аймағындағы коронавирус дағдарысына байланысты дәрі егілмеу қаупімен бетпе-бет. 

Al Quds Al Arabi: АҚШ Мичиган штаты депутаты Рашида Тлаиб Трамптан палестиналықтар үшін АҚШ Конгресі тарапынан бекітілген көмектің еркін жіберілуін талап етті. 

Le Monde: Францияда мектепте сабақтың басталуы: үкіметтің көзқарасы ғылыми кеңестің көзқарасына сәйкеспейді. 

Le Figaro: Париж аймағының муниципалитеті төрағалары Макроннан мектепте сабақ басталу күнін кешіктіруін сұрады. 

Le Temps: Франция ЕО немесе Шенген аймағынан келетін азаматтарға карантин жүргізбейді. 

El Mundo (Испания): Коронавируске қарсы иммунитет жетілдіргендер ауыр инфекциядан сақтанса да, вирусты жұқтыруын жалғастыруы мүмкін. 

La Jornada (Мексика): АҚШ эпидемияның Қытайдағы бір лабораториядан шыққанын алға тартып отыр. 

Milenio.com (Мексика): АҚШ-та 20 шақты штатта карантин аяқталады. 

DW: Еуропаның көптеген елінде дүйсенбі күнінен бастап коронавирус шектеулері жеңілдетіледі. 

Stern.de: АҚШ Мемлекеттік хатшысы Помпео коронавирустың Қытайдың Ухан қаласындағы бір лабораториядан шыққаны жөнінде айғақ бар екенін алға тартты. 

 Spiegel online: Lufthansa неміс үкіметімен 25,1 пайызы мемлекеттікі болуымен аяқталатын бір құтқару пакетін талқылады. 

Kommersant газеті: Орыстар эпидемия себебімен бензин қаражатын 60 пайызға дейін азайтты. 

İzvestiya газеті: Орыс маман бірінші сатыда турист қабылдайтын үш елді тізді: Грекия, Италия және Түркия. 

TASS: Ресейде  217 мың адам коронавирустан медициналық бақылау астында. 

ҚазИнформ ақпарат агенттігі: Мәулен Әшімбаев Сенат спикері болып сайланды.

Егемендік Қазақстан газеті: Әскери қызметшілерді запасқа шығару туралы Жарлыққа өзгерістер енгізілді.

 



Ұқсас жаңалықтар