Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзі коронавирус хабарларына орын берген.

1385382
Әлем баспасөзіне шолу

Al Quds Al Arabi: Мысыр, Сирия және Ирактағы тұтқындар вирусты жұқтырудан қорқуда. Палестиналық тұтқындар: Түрмелеріміз мазарға айналмай тұрғанда бізді құтқарыңыз.

Al Sharq Al Awsat: Коронавирус өлімдерінде Испания Қытайдан асып түсуде.

Al Raya Al Qatariya: Ауғанстан үкіметі мен Талибан ұйымы тұтқындары 31 наурыз күні екі жақты босатады.

t-online.de: Канцлер Меркельдің екінші коронавирус анализі де теріс шықты.

swp.de: Роберт Кох институты: Германияда эпидемия әлі толық басталмады.

dpa: Түркия шетелдегі мыңдаған студентін үйлеріне әкелуде.

El País (Испания): Испания премьер-министрі Педро Санчес оппозицияның ауыр сындарына қарамастан сигнал мерзімін ұзартуға (парламенттен) үлкен қолдау алды

El Mundo (Испания): Испанияда автономиялық әкімшіліктер Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус дағдарысын бақылауға алмағаны себепті 52 миллион дана маска сатып алады.

Infobae (Аргентина): Аргентинада 117 жаңа коронавирус оқиғасы тіркелді. Вирусты жұқтырғандар саны 502-ге ұласты.

Орыс хабар агенттігі РИА Новости: Ресей Атазаң өзгерісіне қатысты 22 сәуір күні жасалуы жоспарланған бүкілхалықтық референдум коронавирус себепті кейінге қалдырылды.

Орыс хабар порталы Lenta.ru:  Ресей 27 наурыздан бастап барлық елдермен рейстерін тоқтатады.

Орыс хабар агенттігі TASS: Орыс университеттерінің студенттері коронавирустың тарауының алдын алу мақсатты 28 наурыздан 5 сәуір күніне дейін үйлерінен шықпайды. 

Le Figaro: Коронавирус: Франция әскерлері Ирактан кері шегінуде.

Le Monde: Францияда коронавирус: «Қиын күндер» келген соң армия қосымша қолдау мақсатты қолданылады.

France 24: Үлкен жиырмалық тобы елдері «Бүкіл адамзатқа қауіп төндірген» коронавирус тақырыпты шұғыл саммит ұйымдастыруда.

ҚазИнформ агенттігі: Дональд Трамп Қазақстан Президенті мен халқын Наурыз мерекесімен құттықтады.

Егемен Қазақстан газеті: Президент азаматтарды карантин талаптарын қатаң сақтауға шақырды.



Ұқсас жаңалықтар