Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің басты тақырыптары.

Әлем  баспасөзіне шолу

Alsharq Alawsat (Сауд Арабиясы-Ұлыбритания): Прзидент Ердоған: Ливияға кеңесшілер мен жаттықтырушылар жібердік.

Al-Raya Al-Katariya (Катар): Германия Ливиямен байланысты ақпан айында жаңа бір конференция өткізілетінін жариялады.

Al-Ayam (Бахрейн): Бағдаттағы АҚШ Өкілетті елшілігі маңына тағы үш зымыран құлады.

Spiegel.de: Германияда алғашқы құс тұмауы оқиғасы тіркелді.

Orf.de: Түркия Сомали теңіз айдынында мұнай іздейді.

Rtl.de: Деггендорф: диқандар мен климат қорғаушылар Меркельді сапары кезінде протест етті.

El País, (Испания): Дауылда қазірге дейін 4 адам қаза тапты, автокөлік жолдары мен инфрақұрылымға үлкен зиян келді. Глория дауылы әсіресе Валенсия қаласы мен Балеар аралдарына ықпал етті.

Infobae, (Аргентина): Еуропа дипломатиясының басшысы Джозеп Боррель сәрсенбі күні Брюссельде Хуан Гуаидоны қабылдайды.

El Mundo, (Испания): Эво Моралес Боливиядағы президенттік сайлау үшін «MAS» партиясына өз үміткерін мойындатты.

Известия газеті: Ресейдің Томск аймағында шыққан өртте қаза тапқандар арасында 10 Өзбекстан азаматы бар екені білдірілді.

Lenta.ru хабар порталы: Ресей президенті Владимир Путин атазаңға өзгеріс енгізетін заң жобасының Дума тарапынан бекітілгенін жариялады.

TASS хабар агенттігі: Минск 80 тонна Норвегия мұнайы сатып алғаны жайлы хабарды растады.

France 24: Міндеттен босату сот процесінде АҚШ президенті Дональд Трамптың қорғаушылары «сот ісінің дереу жабылуын» талап етті.

Le Monde : Тунисте үкіметті құру міндеті Ильяс Әл-Фахфахқа берілді.

Le Parisien: Версаиллесте шетелдік фирмалардың жиналысы алдында Франция президенті Макронға қарсы шыққан бір фонд жаңа бір шеру ұйымдастырды.

Егемен Қазақстан газеті: Мемлекет басшысы елорда әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады.



Ұқсас жаңалықтар