Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің басты тақырыптары

Әлем баспасөзіне шолу

Le Figaro: Иранның 8 қаңтар күнгі шабуылында Американың 11 әскері жарақат алды.

France 24: БҰҰ Сириядағы шетелдік сарбаздардың балаларының қысқа уақытта елдеріне қайтарылуын талап етті.

Le Parisien: Франция президенті Эммануэль Макрон «Шарль де Голль» ұшақ кемесінің Таяу Шығысқа жолданатынын білдірді.

Al Sharq Al Awsat: Помпео Берлинде болатын Ливия конференциясына қатысатынын хабарлады.

Al Quds Al Arabi: Израиль ұшақтары Газа секторындағы Хамас бекінісін бомбалады.

Al Jazeera: Жалғасып жатқан бомбалауға қарамастан Хафтер Берлин конференциясына қатысуды қабылдады.

 El Periódico (Испания): Испания тарихында құрылған алғашқы коалиция үкіметінің премьер-министрі Санчез үкімет басшысы ретінде телеарнаға алғашқы сұхбатын дүйсенбі күні береді.

La República (Перу): Қытай Мадуро үкіметіне «экономикалық қолдауын азайтқан» секілді.

Milenio (Мексика): Мексика мен Америка Құрама Штаттары қару мен есірткіге қарсы жоспар дайындады.

Lenta.ru: АҚШ Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Морган  Ортагус Ресей мен Сирияны Идлибтегі бітімді бұзды деп айыптады.

İzvestiya: Ресей Сыртқы істер вице-министрі Сергей Рябков үкімет өзгерсе де мемлекеттің сыртқы саясатының өзгермейтінін айтты.

 TASS ақпарат агенттігі: Путин Еуропадағы Адам құқықтары сотының кейде Ресейге байланысты заңсыз шешім қабылдағанын айтты.

Deutsche Welle: Дін істері Түрік Ислам одағы неміс үкіметінен мұсылмандарды қорғауға байланысты шаралардың арттырылуын сұрады.

Spiegel Online: Ресейдің жаңа премьер-министрі Михаил Мишустин болды.

Zeit газеті: Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның Ливиядағы Ұлттық келісім үкіметімен қол қойылған келісім шеңберіндегі алаңдарды 2020 жылы лицензиялап, іздеу және бұрғы істерін бастайтындарын білдірді.

ҚазИнформ ақпарат агенттігі: Мемлекет басшысы Роза Мұқанова мен Ақан Бижановты қабылдады.

Егемен Қазақстан газеті: Сот жүйесін жетілдіру жалғасады.



Ұқсас жаңалықтар