Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің басты тақырыптары...

1276784
Әлем баспасөзіне шолу

Tagesschau.de: «Thomas Cook» фирмасы Ұлыбританияда банкротқа ұшыраған соң назарлар Германияға ауды. «Thomas Cook» Германияның шаңырағы астындағы «Thomas Cook Neckermann», Өгер тур, «Air Marin» және «Bucher Reisen» фирмалары да банкрот жариялады.

Industriemagazin.at (Австрия): Германияда энергиялық жаңа кезең – Жаңартыла алатын энергия көзі жалпы энергия өндірісінде 50% мөлшерінде артты.

Weser-Kurier.de: Германия Украинаға дағдарысы басталған күннен бері жалпы 1,4 миллиард евро жәрдем жасады.

El Pais (Испания): Испания және Грекия Париж бен Берлин алға тартқан босқын үлесу жобасына қарсы шығуда: «Бұл жоба Италияның мәселелерін шешуге бағытталған».

El Mundo (Испания): Франконың мәйітін көшіру туралы Жоғары сот қабылдаған әртүрлі шешімдердің артынан бұрынғы диктатордың немересі мәлімдеме жасады: «Өлген адамдармен күрес – тек қана қорқақтардың жұмысы». 

La Vanguardia (Испания): Колумбия мемлекет басшысы Иван Дугуе БҰҰ-ндағы баяндамасында Венесуэла үкіметін «ELN» террор ұйымы мүшелері және есірткі картелдерімен ынтымақтастық жасаумен айыптады.

Ria Novosti : Украина президенті Зеленский: Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың өзімен танысқысы келгенін және Донбастағы Украинаның ішкі мәселелерінің шешімін үміт еткенін атап көрсетті.

TASS: АҚШ президенті Дональд Трамп сәрсенбі күні жасаған мәлімдемеде Украина президенті Владимир Зеленскиймен жүзеге асқан алғаш телефон әңгімесінің жазбаша нұсқауын жариялауға дайын екендерін білдірді.

İzvestiya: Ресейдің «Азур-Эйр» әуекомпаниясына тиесілі Боинг 767-300 жолаушы ұшағының Барнаул әуежайына жедел түрде қону барысында жарақаттанғандар саны 56-ға ұласты.

Al-Quds Al-Arabi: Американдық «MSNBC» телеарнасы АҚШ президентінің тікелей эфирде жарияланған баяндамасын тоқтатып, артынан «Кешірім сұраймыз, алайда президент өтірік айтуда» деп хабарлады.

Al-Watan: Президент Режеп Тайып Ердоған АҚШ президенті Трамппен БҰҰ Бас ассамблеясы шеңберінде бас қосты.

Al-Sharq Al-Awsat: Эр-Рияд және Вашингтон әкімшілігі Сауд Арабиясына АҚШ Қорғаныс күштерін қоныстандыру тақырыбын қолға алды.

Le Monde: Міндеттен босату бастамасына қарсы Дональд Трамп қарсы шабуыл бастады.

Le Figaro: Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсонның парламентке қайта оралуы дау-дамайлы болды.

Le Soir (Belçika) : Әлеуметтік сақтандыру мекемесінің қаржы тапшылығы 2024 жылы 6,4 миллиард долларға ұласады.

Егемен Қазақстан газеті: Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясы 74-ші сессиясының Жалпы дебатында сөйледі.

Қазинформ халықаралық ақпарат агенттігі: Қазақстан Президенті Тұрақты даму мәселелері жөнінде жоғары деңгейдегі Форумда сөз сөйледі.



Ұқсас жаңалықтар