Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің басты тақырыптары

1211633
Әлем баспасөзіне шолу

Al Hayat: Сиси: Арабтар ұлттық қауіпсіздіктерін қатерге ұшыратуға дайын емес.

Alsharq Alawsat: Король Селман Иранның аймақтық қауіпсіздік қатеріне қарсы «халықаралық табандылыққа» шақырды.

Alquds Alarabi: Араб төтенше саммиті Иранның басқа елдердің ішкі істеріне араласуын айыптады.

Spiegel: Берлинде кешіктірілген сапар. Қиын қонақ: АҚШ Мемлекеттік хатшысы Помпео Меркель және Мааспен кездеседі.

Frankfurter Allgemeine Zeitung: Германияның бәсеке күшінен айрылып қалуы үкіметті алаңдатуы керек: Халықаралық Басқаруды дамыту орталығы жариялаған Әлемдік Бәсеке күші есебінде Германия 17-ші орынға төмендеген.

Deutsche Welle: Германияда екі жасар қарындасын өртеніп жатқан көліктер шығарып,  аман алып қалған он жасар Кенан Бүйүкханға медаль берілді.  Марапатты Бавария премьер-министрі Содердің өзі берді.

El País (Испания): Испания Әлеуметтік зерттеу орталығының деректеріне қарағанда испандықтардың жартысына жақыны коалиция үкіметі құрылуын қалайды.

 El Universal (Мексика): АҚШ президенті Дональд Трамп заңсыз босқындардың Мексика арқылы АҚШ-қа кіруіне кедергі болу үшін осы елге 5 пайыз кеден салығын салғандарын білдірді.

Telesur (Венесуэла):  АҚШ федеральдық төрешісі президент Трамп үкіметінің Мексика шекарасындағы қабырға құрылысын жалғастыруына қарсы шықты.

Le Monde: Трамп Мексикамен қатынастарда жаңа келіспеушілік бастатты.

Le Parisien: Жарақат алған сары жейделілер: кейбір полиция қызметкерлері сотталады.

Courrier international:  Израиль парламенті таратылды.  Жаңа сайлау 17 қыркүйекте болады.

Ria Novosti ақпарат агенттігі: Ресей Жапонияға визаларды алып тастауды ұсынды.

İzvestiya газеті: Лавров Ресейдің ядролық сынақтарына байланысты АҚШ мәлімдемелерін «дәйексіз» деп бағалады.

Lenta.ru ақпарат парақшасы: Ресей Иранға  Таяу Шығыста келіспеушілікті арттырады деген уайыммен S-400 сатуды тоқтатты.

ҚазИнформ агенттігі: Елбасы: Назарбаев университеті - тәуелсіз Қазақстанның маңызды әрі бірегей жобасы.

Егемен Қазақстан газеті: Заң үстемдігінің сақталуы туралы баяндады.

 



Ұқсас жаңалықтар