Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзінің басты тақырыптары

1207402
Әлем баспасөзіне шолу

Welt: Юнкер Германия канцлері Ангела Меркельді босқын дағдарысындағы ролі үшін мақтады.

Deutsche Welle (DW): Еуропа Парламентінің сайлауы басталды.

Süddeutsche Zeitung (SZ):  Bosch зиянды газ скандалына байланысты 90 миллион евро айыппұл төлеуі керек.

Alsharq Alawsat: Судан Парламентінің уақытша төраға орынбасары Сауд Арабиясына кетті.

Al-Raya Al-Katariya (Катар): Сауд Арабиясы Катарды басып алып, табиғи газын тартып алуды жоспарлады.

Al-  Hayat (Ливан): Ливан Министрлер кабинетінде өкілеттіктер мен шешімдер жөніндегі таластарға орай бюджет бекітілмей отыр.

Le Parisien (Франция): Орта Африка: жаңа қырғыннан кейін 3 күн аза жарияланды.

Le Temps (Швейцария): Еуропа Парламенті сайлауы: Жұмысшы партиясының Голландиядағы тосын жеңісі

Le Figaro (Франция ): Шамамен 300 босқынды Ливия жағалау қауіпсіздігі аман алып қалды.

El Mundo (Испания): АҚШ Джулиан Ассанжды жаңа 18 қылмыспен айыптады,  бұлардың бірі тыңшылыққа байанысты.

El Periodiquito (Венесуэла): Коста Рика мемлекет басшысы әскери әдістің Никарагуа және Венесуэладағы саяси дағдарыстар үшін таңдау болмауы керектігін айтты.

Expansión (Испания): Испания Орталық банкі ел экономикасының қарыз көрсеткішінің артуды жалғастырғанын білдірді.

lenta.ru ақпарат агенттігі: АҚШ Ресейдің ең маңызды экономикалық форумына қатыспайтын болды.

TASS ақпарат агенттігі: Ресей Сыртқы істер министрлігі АҚШ-тың бұрынғы Сыртқы істер министрі орынбасарына неге  виза бермегенін түсіндірді.

ҚазИнформ агенттігі: Димаш Құдайбергеннің алғашқы жеке альбомы шығатын күн белгілі болды.

Егемен Қазақстан газеті: Елбасы республикалық қоғамдық штаб мүшелерімен кездесті.



Ұқсас жаңалықтар