Әлем баспасөзіне шолу

Әлем баспасөзі Түркиядағы маңызды хабарларға орын берген.

872078
Әлем баспасөзіне шолу

Ресейдің Спутник ақпарат агенттігі «Түрік ағыны Түркияның күшін нығайтады» деген тақырып қолданған. Хабарға қарағанда, орыс газын Түркия арқылы Еуропаға жеткізетін Түрік ағыны жобасы Түркияның энергетика қауіпсіздігін арттыратын болғандықтан маңызды.  Жоба жүзеге асқанда Грекия сынды Еуропа елдері энергия саласында Түркиямен жақын ынтымақтастық құруға тырысады. Жақын уақытта Грекия газын Түркия арқылы алуы мүмкін.  Мамандар осы құбыр желісі жобасының Түркия мен Еуропа саяси қатынастарында тұрақтылықтың құралы болатынын айтып отыр.

CNN теле арнасы «Әлемдегі санаулы сүңгу орталықтарының бірі – Ескишехирде» деген хабар жариялаған. Хабарға қарағанда,  Ескишехирдің Чифтелер ауданында Сакария өзені бастау алатын жерде қалыптасқан тұщы су сүңгу алаңы әлемдегі санаулы орталықтар қатарында.  Сакариябашында көптеген су спорттарымен айналысуға болады. Бұл жерге тек Түркиядан қонақтар келіп қана қоймайды. Әлемнің түрлі елдерінен туристер де көптеп келеді. Айырықша осы жерде енді кано және драгонмен де айналысуға болады.

Ирандағы Парсы ақпарат агенттігі спорт әлемінен бір хабарға орын берген.  Түркияның Чайкур Ризеспорт командасы мен Иранның Супер лигадағы футбол командасы Персполис арасында бауырластық келісіміне қол қойылды.  Екі клуб бұдан бұрын ирандық футболшы Мехди Тареми тақырыбында келіспеушілікке келіп еді. Екі команда басшылары келіссөз жүргізіп, бауырлас команда болуды шешті.

Америка Құрама Штаттарындағы Түрік Америка парақшасы да Жан-Клод Ван Даммға байланысты хабарға орын берген. Голливудтың атақты жұлдызы Ван-Клод Ван Дамм өзінің атындағы фитнесс орталығының келісімін жасау мақсатымен Түркияның Измит қаласына келді.  Фитнесс орталық ашылатын резиденцияда баспасөзге мәлімдеме жасаған Ван Дамм «Измитті, Коджаелини ұнаттым. Стамбулға жақын жерде осындай тамаша жер бар екенін білмеуші едім. Түркияға келгеніме де қуаныштымын. Мен спортты қатты ұнатамын. Осындай фитнесс орталық жүйесін әлемге таныстырғым келіп жүр еді.  Бұл жаһандық көлемдегі бір жоба. Бірінші үлгісі Измитте болады» деді.

Жан-Клод Ван Дамм Стамбул,  Измир және Анкарада да спорт орталықтарын ашады.