Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

739684
Түрік баспасөзіне шолу

Йени шафак газеті «Еуроодаққа 3 жолдама» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда президент Режеп Тайып Ердоған Бельгияның бас қаласы Брюссельде бас қосқан Еуроодақ Кеңесі төрағасы Дональд Туск пен Еуроодақ кеңес төрағасы Жан-Клод Юнкерге нақты жолдамалар жасады. Ердоған Еуроодақ басшыларымен кездесуінде Түркия-Еуроодақ ынтымақтастығының қайта жандандырылуының маңызына назар аударды. Террормен күресте Анкараның жалғыз қалдырылғанына назар аударып, террорға қарсы күрес ынтымақтастығының күшейтілуі талап етілді. Түркия мен Еуроодақ арасында 2016 жылы наурыз айында қол қойылған босқын келісімінің іске асырылу керектігін атап көрсеткен Ердоған Еуроодақ басшыларына босқын келісіміне орай жауапкершіліктерін еске салды.

Ватан газеті «Түркияға алғыс айтамыз» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда АҚШ-тың БҰҰ тұрақты өкілетті елшісі Никки Халей 8 мың 63 сириялық өмір сүрген Хатайдың Алтынөзү ауданындағы Бойнуйоғун уақытша баспана орталығын аралады. Орталықта денсаулық сақтау клиникаларын аралаған Халей бастауыш мектепке барып сириялық балаларға берілген мүмкіншіліктер жайлы ақпарат алды. Баспана орталығында тіршілік шарттары мен қамтамасыз етілген мүмкіншіліктердің өте жақсы екенін атап айтқан Халей «Түркияның сириялық қонақтар үшін жасағандарына ризамыз, түрік халқына алғысымызды айтамыз» деді.

Стар газеті «Отандық автокөлікте тұңғыш қадам басылды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда президент Режеп Тайып Ердоған Түркия палаталар мен биржалар одағы «TOBB»-тың 73-ші жалпы кеңес жиналысына қатысты. Президенттің отандық автокөлік өндірісі шақыруына болымды жауап қайтарған TOBB жұмыстарын бастады. TOBB төрағасы Рифат Хисарджыклыоғлу жол картасын белгілеу мақсатты Ғылым, өнеркәсіп және технология министрі Фарук Өзлүмен бас қосты. Жекеменшік саланың көшбасшы және орындаушы болатынын атап көрсеткен Өзлү күнін белгілеу тақырыбында «Олармен ақылдасқан соң күнін нақтылап, пайым жасау дұрыс шығар. Бірақ біздің нысанамыз 2019 жылы тұңғыш модельді өндіру» деді.

Сабах газеті «Түркия инвестиция тартымдылығын жалғастыруда» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия-Американ іскер кеңесі Вашингтонда болып өтті. Қатысушылардың ортақ көзқарасы реформалар және жас тұрғын санымен Түркияның инвестиция үшін мүмкіншіліктер ұсынғаны болды. Жаһандық фирмалар үшін де Түркия тартымдылық орталығы. Динамикалық тұрғын саны халықаралық фирмалар үшін үлкен бір қызығушылық туғызғанына назар аударылғанда, Түркияның жас тұрғын тұғырын ұзақ жылдар жалғастыратыны атап көрсетілді.

Хүррийет газеті «Мэрайя Кэридің Хакан жолдамасы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Ұлыбританиядағы террор шабуылында қаза тапқаны жарияланған 29 жасар халықаралық қатынастар маманы Мартин Хакан Хэттің шешесінің түрік екені ортаға шықты. Әлеуметтік медианы белсенді қолданған Хаканның Фэйзбук парақшасында мемлекетінің Анкара екені, Манчестерде өмір сүргені көрінеді. АҚШ-тың белгілі әншісі Мэрайя Кэри болса «Instragram»-нан Хаканның өзінің фотосуреті басылған көйлекпен түскен фотосуретін бөлісіп «Манчестер құрбандарының бірінің жанкүйерім екенін байқаған кезде қатты өкіндім. Рухың тыныштық тапсын Мартин Хэтт» деді.



Ұқсас жаңалықтар