Қырғызстан мен Ресей келісті

Екі ел әскери-техникалық салада ынтымақтастықты нығайту тақырыбында келісті.

1172498
Қырғызстан мен Ресей келісті

Ресей президенті Владимир Путин Қырғызстанмен әскери-техникалық салада ынтымақтастықты нығайту тақырыбында келіскендерін айтты.

Путин Қырғызстанда президент Сооронбай Жээнбековпен кездесті.

Екі жақты кездесуден кейін делегация аралық кездесу өткізілді.  Артынан баспасөз өкілдерінің алдына шыққан Жээнбеков Ресейдің жақын,  сенімді одақтас, маңызды және ұзын мерзімді стратегиялық серік екенін атап көрсетті.

«Ресеймен қарым-қатынастарымызға және стратегиялық ынтымақтастық серіктестігімізге әрқашан көңіл бөлеміз.  Путиннің жеке қолдауымен екі жақты ынтымақтастықтың жоғары деңгейге шықты» деді ол.

Қырғызстанның экономикасына Ресейдің қолдау бергенін еске салған президент Жээенбеков: «Бүгін қол қойылатын ынтымақтастық келісімдерінің екі ел халықтарының гүлденуіне үлес қосатынына сенемін» деді.

Путин болса кездесулердің екі елдің дамуы мен ынтымақтастыққа үлес қосатынын білдіріп,  екі елдің экономикалық ынтымақтастығында жақсы жетістіктер болғанын атап көрсетті.  «Қырғызстан Еуразиялық Экономикалық одағына мүше болғаннан кейін Ресей мен Қырғызстан арасындағы сауда көлемі артты.  Экономикалық ынтымақтастығымызды арттыруға мүдделіміз» деді ол.

Екі ел арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастыққа да тоқталған Путин: «Біз екі ел әскери органдары арасында байланысты нығайттық. Осы ынтымақтастығымыз жалғасады деп сенемін.  Қырғызстан – сенімді одақтас және стратегиялық серік.  Екі жақты және халықаралық платформаларда бірге жұмыс істеуді жалғастарамыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар