Түркі әлемінің мәдени астанасы Ош болады

2019 жылы Түркі әлемінің мәдени астанасы Ош болады.

1109157
Түркі әлемінің мәдени астанасы Ош болады
türksoy 01.jpg

2019 жылы Түркі әлемінің мәдени астанасы Ош болады. 

Түрік мәдениетінің Халықаралық ұйымы ТҮРІКСОЙ Тұрақты кеңес жиынында келесі жылдың мәдени астанасы  Қырғызстанның Ош қаласы болып жарияланды.
Кастамону қаласында басталған Түріксой Тұрақты кеңес жиынында түрік әлеміне еңбегі сіңген қайраткерлерге марапат табыс етілді. Атап айтқанда, ТР Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Ерсой, Кастамону қаласы әкімі Яшар Карадениз, Түрік академиясы Бас хатшысы Дархан Қыдырәлі, Түрік Кеңесі Бас хатшысы Бағдат Әміреевке Түріксой медалі берілді. Әзірбайжан, Түрікменстан, Қырғызстан, Солтүстік Кипр Түрік Республикасы өкілдері де құрметті марапатқа ие болды.
Артынан 2019 жылы Түркі әлемінің мәдени астанасы  Қырғызстанның Ош қаласы болып жарияланды.
Жиын барысында Ош қаласының әкімі Таалайбек Сарыбашев қаланың көне тарихы, мәдени мекендері және туристік орындары жөнінде кең мағлұмат берді.

Торғын Сұлтанқызы
Кастамону



Ұқсас жаңалықтар