Биналы Йылдырым Айтматовтың қабіріне барды

Түркия мәжілісінің төрағасы Қырғызстандағы сапарын жалғастыруда.

1102124
Биналы Йылдырым Айтматовтың қабіріне барды

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Бинали Йылдырым Қырғызстанда беделді қаламгер, марқұм Шыңғыс Айтматовтың қабірін зиярат етті.

Төраға Йылдырым Ата-Бейт мемориалдық қабірстанындағы орыс патшасына қарсы жүргізілген көтерілісте қаза тапқандар үшін салынған ескерткішке, Сталин кезінде қыршынынан кеткен қырғыз зиялылары және Айтматовтың қабіріне гүл шоқтарын қойды.

Қаламгердің қабірі басында оқылған Құранды тыңдаған Йылдырым делегациясымен бірге дұға қылды.

Сапарында Йылдырымға Қырғызстан парламенті төрағасының орынбасары Мирлан Бакиров,  Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасының орынбасары Джелал Адан,  Түркия-Қырғызстан Парламенттер арасы достық тобы төрағасы Сабри Өзтүрік,  Әділет және даму партиясының Карс депутаты Ахмет Арслан,  Республика Халық партиясының депутаты Гамзе Ташчыер,  Жақсы партиясының депутаты Бедри Яшар серік болды.



Ұқсас жаңалықтар