Түріксой бас хатшысы Қырғызстан президенті Атамбаевпен кездесті

Атамбаев пен Қасейінов ықпалдастық және түркі мәдениетін дамыту мен сақтап қалу тақырыптарын талқылады.

157993
Түріксой бас хатшысы Қырғызстан президенті  Атамбаевпен кездесті

Қырғыздың атақты ақыны және сазгері Тоқтағұл Сатылғановтың туылғанына 150 жыл толуына орай ұйымдастырылған іс-шараларға қатысу мақсатымен Бішкекке барған Түріксой бас хатшысын президент Атамбаев қабылдады.


«Кездесу барысында Қырғызстан мен Түріксой арасындағы ықпалдастықты жетілдіру және түркі мәдениетін сақтау мәселелері, түркі әлеміндегі елдер арасындағы мәдени байланыстың арттырылуы тақырыптары қолға алынды» деп хабарлайды Қырғызстан Республикасы президенттік аппараттың баспасөз қызметі.


Қырғыз мемлекетінің басшысы ұлы қырғыз ақынның мәдени, әдеби шығармашылығын насихаттап, шаралар ұйымдастырған Түріксой ұйымына шексіз алғысын білдірді.


Сонымен бірге 1-ші Бүкіләлемдік көшпенділер ойыны секілді Қырғызстанда өткен шаралардың түркі әлемі шеңберінде мәдениеттер арасы қатынасқа қосқан үлесі де атап көрсетілді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар