Қырғызстанның 2014 жылғы 6 айлық экспорты – 727,9 миллион доллар

Қырғызстан Кеден қызметтері 2014 жылдың қаңтар-маусым кезеңінің экспорт деректерін жариялады.

68391
Қырғызстанның 2014 жылғы 6 айлық экспорты – 727,9 миллион доллар

Қырғызстанның жылдың алты айлық кезеңіндегі экспорты өткен жылдың осы кезеңіне қарағанда, 649 миллион 780 мың 400 доллардан 727 миллион 983 мың 900 долларға көтерілді.


Қырғызстанның экспортындағы елдер тізімінде бірінші орынды Швейцария иемденуде. Осы елге алтын сатқан Қырғызстанның алты айлық кезеңде 181 миллион 136 мың 800 долларлық жер асты өнімдерді экспорттағаны білдірілді. Қырғызстан Швейцарияға өткен жылы осындай кезеңде 193 миллион 966 мың 400 долларлық өнім сатқан болатын.


Қырғызстан экспорт жасаған елдер арасында екінші кезекте 173 миллион 198 мың 100 доллармен Қазақстан, үшінші кезекте болса 113 миллион 590 мың доллармен Біріккен Араб Әмірліктері келеді.


Деректерге қарағанда, 2014 жылдың қаңтар-маусым кезеңінде Қырғызстанның Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдерге экспорты өткен жылдың сол кезеңіне қарағанда азайды.


Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдер тысында Қырғызстанның алты айлық экспорт тізімінде Түркия 38 миллион 38 мың 400 доллармен орын алды.


Қырғызстан көбіне жер асты байлықтарын, энергия, жеміс және көкөніс, тоқыма, құрал, электрондық машина және жабдықтар, мақта, каучук, киім, темекі, пластика және шыны өнімдерін экспорттайды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар