Ахмет Ясауи университеті ректоры Раевпен кездесті

Жанар Темірбекова Түріксой Бас хатшысы Раевты университеттің 30 жылдық мерейтойына шақырды.

1863734
Ахмет Ясауи университеті ректоры Раевпен кездесті

Қожа Ахмет Ясауи Халықаралық Түрік-Қазақ университетінің ректоры Жанар Темірбекова Түріксойға барып, Бас хатшы Сұлтан Раевпен кездесті.

Бас хатшы кеңсесінде өткен кездесуде тараптар қыркүйек айында Түркістан қаласында «Алтын көпір» жобасы аясында ұйымдастырылатын Қырғыз-Түркия Манас университетінің күндеріне дайындық жұмыстары мен  қазан айында өтетін Ясауи университетінің 30 жылдық мерейтойына арналған шараларды кеңінен қолға алды.

Кездесу барысында Жанар Темірбекова Түріксой Бас хатшысы Раевты университеттің 30 жылдық мерейтойына шақырды.



Ұқсас жаңалықтар