"Орталық Азия-Қытай" форматында жиналыс өтті

Орталық Азия елдері мен Қытай сыртқы істер министрлерінің үшінші кеңесі өтті.

1840115
"Орталық Азия-Қытай" форматында жиналыс өтті

Қазақстанның төрағалығымен "Орталық Азия-Қытай " форматындағы сыртқы істер министрлерінің үшінші кеңесі өтті.

Кездесуге Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары, сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді, Қытай Халық Республикасының мемлекеттік кеңесінің мүшесі, сыртқы істер министрі Ван И, Қырғызстан Республикасының сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаев, Тәжікстан Республикасының көлік министрі Азим Иброхим, Түрікменстан министрлер кабинеті төрағасының орынбасары, сыртқы істер министрі Рашид Мередов және Өзбекстан Республикасының сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Владимир Норов қатысты.

Жиналыста Орталық Азия елдері мен Қытай арасында қауіпсіздік, қатынас және логистика, энергия, өнеркәсіп, климат өзгерістерімен күрес, жасыл экономика,  IT-индустрия, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, туризм және басқа да маңызды салалар сияқты стратегиялық бағыттарды қамтитын жол картасы қабылданды. 

Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары, сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді жиналыстан кейін жасаған мәлімдемесінде "Диалог форматындағы жиналысымыз аясында жан-жақты ынтымақтастықтың күшейтілуіне, оның маңызды әлеуетін жарыққа шығаруға және Орталық Азия аймағын бейбітшілік, достық, өзара жәрдем, жалғастыруға болатын даму мен үйлесім алаңына айналдыру тақырыбымыздағы қызығыушылығымыз тағы мәрте анықтадық" деді. 

 



Ұқсас жаңалықтар