Жер шетелдіктерге сатылмайды және жалға берілмейді

Президент заңға қол қойды.

1639018
Жер шетелдіктерге сатылмайды және жалға берілмейді

Қазақстанда шетелдіктерге жерді сату және жалға беруге тыйым салынды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев аталмыш тыйымды салатын заңға қол қойды.

Аталған заң бойынша ауыл шаруашылығы жерлерін шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға, шетелдік қатысуы бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына, халықаралық ұйымдарға, халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтарға, сондай-ақ, қандастарға жеке меншікке және жалға беруге тыйым салынады.

Қазақстан Ауылшаруашылығы министрлігінің есебіне қарағанда қазір елде 93 мың гектар жерді шетелдіктер жалға алып отыр.



Ұқсас жаңалықтар