Нұр-Сұлтан көшелерінің біріне татардың атақты ақынының аты беріледі

Қазақстан және Татарстан президенттері бас қосты.

1624585
Нұр-Сұлтан көшелерінің біріне татардың атақты ақынының аты беріледі

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Татарстан президенті Рустам Миннихановпен кездесті.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Татарстан арасындағы сауда-экономикалық, өнеркәсіптік және энергетикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталған шараларды қарастырды.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Татарстан президенті Рустам Миннихановпен бас қосты.

Қазақстан президенті Миннихановтың көлік дөңгелегін шығаратын зауыттың құрылысы басталған Қарағанды аймағына жақында жасаған сапарының нәтижелерін жоғары бағалады.Тоқаев өз сөзінде бұл бастаманың ел үшін маңызды екенін атап өтті. Ол сондай-ақ мәдени және адамдар арасындағы қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға мүдделі екенін мәлімдеді және эпидемия тұрақталғаннан кейін Қазақстанда Татарстан мәдениеті мен өнері күндерін өткізуді жоспарлағандарын білдірді.

Тоқаев Миннихановқа Нұр-Сұлтан көшелерінің біріне татар халқының әйгілі ақыны Ғабдолла Тукайдың есімін беру шешімі туралы хабарлады.

Татарстан президенті Қазақстанға сапарлау келу мүмкіндігіне риза болғанын  білдірді.

Кездесу барысында тараптар коронавирустық пандемияға қарсы бірлескен күш-жігерді, сондай-ақ Қазақстан мен Татарстан арасындағы сауда-экономикалық, өндірістік және энергетикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайту жөніндегі шараларды бағалады.



Ұқсас жаңалықтар