Түркістаннан ең алғашқы шетелдік рейс Түркия еліне ашылады

Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев білдірді.

1529945
Түркістаннан ең алғашқы шетелдік рейс Түркия еліне ашылады

Түркістан халықаралық әуежайынан ең алғашқы шетелдік рейс Түркия еліне ашылады.

 Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев білдірді.

«Әуежай салынды. Толық қолданысқа берілді деп айтуға болады. Үлкен, керемет әуежай. Оның ұшып-қону жолағының ұзындығы 3 300 метрді құрайды. Барлық халықаралық стандартқа сай келеді. Сонымен қатар терминалы да жақсы салынған. Шетелдік болсын, ішкі болсын барлық рейске қызмет көрсетуге мүмкіндігі бар», - деді өңір басшысы.

Сонымен қатар ол Түркістан халықаралық әуежайынан шетелдік және ішкі рейстер қашан жолға қойылатынын айтты. 

«Рейстердің ашылуы пандемияға байланысты. Пандемия сәл бәсеңдесе бірінші Түркияның Стамбул қаласына рейс ашылады. Одан кейін Меккеге ашылуы мүмкін. Оны енді уақыт көрсетеді. Ал 1 желтоқсаннан бастап күнделікті ішкі рейстерді бастаймыз. Бұған да пандемия әсер етуі мүмкін. Бірақ бастаймыз», - деді Өмірзақ Шөкеев.

 



Ұқсас жаңалықтар