“Алтын адам” 26 елді аралады

2500 жылдық Алтын адам үш жылда 26 елді аралады.

1433244
“Алтын адам” 26 елді аралады

 

Түрік өркениетінің көздің жауын алатын жәдігерлерінің бірі 2500 жылдық Алтын адам үш жылда 26 елді аралады. 

“Алтын адам” - бұдан шамамен 2500 жыл бұрын Сақ түріктері дәуірінде алтын сауытымен бірге көмілген Түрік қағаны. 

Ол 1969 жылы Қазақстандағы жол құрылысы жұмысы барысында кездейсоқ табылды. Қазақстан осы керемет жәдігерді әлемге таныстыру мақсатымен 2017 жылы бір жоба дайындады. Алтын адам әлемді шарлауға шықты. ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың айтуынша үш жылда 26 елдің мұражайларында көрмеге қойылды. 

Алтын адам өткен жылы Анкара мен Стамбулда да көрмеге қойылды.  Түрік ағайындар өте үлкен қызығушылық танытты. Әзербайжан мен Татарстанда да “Алтын адам” көрмесі үлкен ықылас оятты. 

Қазақстан жерінде осы алғашқы Алтын адамнан кейін басқа да Алтын адамдар жарыққа шығарылды. Олардың әзірге барлық саны 7. 

“Алтын адам”  көрмесіне енді Еуропа елдерінен көп сұраныс келуде. 

Гузал Заитова

TRT Нұр-Сұлтан қаласы



Ұқсас жаңалықтар