Қазақстаннан түңғыш рет Муглаға ұшақ келді

Қазақстаннан түңғыш рет Муглаға келген жолаушылар ұшағына арналып судан алқа рәсімі ұйымдастырылды.

1212567
Қазақстаннан түңғыш рет Муглаға ұшақ келді

Қазақстаннан түңғыш рет Муглаға келген жолаушылар ұшағына арналып судан алқа рәсімі ұйымдастырылды. 

Алматы қаласынан алғашқы туристер тобын тасымалдаған жолаушы ұшағы Милас-Бодрум әуежайында өрт сөндіру көліктері ұйымдастырған "Судан алқа" рәсімімен күтіп алынды.

Қол шапалақ үні ішінде ұшақтан түскен 189 жолаушыға әуежай күтіп алушылары гүл ұсынды, ұшқыш пен экипажға арналып торт берілді.

Милас-Бодрум әуежайының басшысы Ижлал Каяоғлұ мәлімдеме жасап, Эйр Астананың Алматы мен Мугла арасындағы өзара ұшақ рейсі сенбі және сәрсенбі күндері қатынайтынын айтты.

Жолаушы санында биыл 40 пайыздық арту күткендерін білдірген Каяоғлұ:

"Соңғы екі жылда әсіресе шетел ұшақ рейстерінде маңызды артулар болды. Тұңғыш рет Милас-Бодрум әуежайына ұшу рейсін қосқан Эйр Астана әуежолы бүгінгі рейсімен бізді қуантты. Туристерді гүлдермен күтіп алып, еліміздің жылы жүзін, қонақжайлығын көрсеттік" деді. 



Ұқсас жаңалықтар