Тұрғындары ұйықтап кететін ауыл

Қазақстандағы Калачи ауылы тұрғындары көшіріле бастады.

191228
Тұрғындары ұйықтап кететін ауыл

Бірден ұйықтап кетеді және бірнеше күн ұйықтайды.


Қазақстанның бір ауылындағы ұйқы дерті құпиясы ашылмады.


Қазақстанның Ақмола облысының Калачи ауылы екі жылдан бері ұйқы дертімен арпалысып келеді. Ауылда 126 адамда осы «түсініксіз» құбылыс көрінді.


Тұрғындар кенеттен ұйықтап кететіндерін айтты.


Кейбірінің қан қысымы көтеріліп, сандырақтайды.


Жергілікті дәрігерлер бұның себебін әлі анықтай алмады.


Ауыл тұрғындарының шағымы бойынша ауыл маңының радиациясы да өлшеніп, адамға зиян келтіретін деңгейде еместігі анықталды.


Айырықша су мен топырақтан да сынамалар алынып, ауыр метал немесе тұз мөлшерінің қалыпты деңгейде екені дәлелденді.


Ұйқы дертіне шалдыққандар саны арта бастағандықтан жергілікті басшылар ауыл тұрғындарын басқа жерге көшіре бастады. Көшу мамыр айында толығымен аяқталады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар