14 миллиард доллар келісім

Ли Кэцян мен Мәсімов Астанада кездесті.

149039
14 миллиард доллар келісім

Қытай Мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Кэцян мен Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов кеше жаңа келісім-шарттарға қол қойды. Екі ел арасындағы тың жобаларға байланысты келісімдердің көлемі 14 миллиард АҚШ долларына жетеді. 

Келісім-шарттарға Қазақстанның ел ордасы Астанада бүгін өтетін Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының үкімет басшылары кеңесі жиналысы қарсаңында қол қойылды.


Ли Кэцян мен Мәсімов кездесуден кейін ортақ мәлімдеме жасап, соңғы кезде төмендеген мұнай бағасына қарсы ортақ макроэкономикалық саясат жүргізетіндерін білдірді.


Келісім-шарттар арасында Қазақстанның Қорғас аймағында теміржол өткелдерін жаңғырту және ерекше экономикалық аймақ салу, өзара ақылдасу механизмдері, атомдық серіктестік орын алуда.


Соңғы 20 жылда артып отырған екі ел сауда айналымы 2013 жылы 25 миллиард доллардан асты. 2015 жыл үшін сауда көлемі 40 миллиард долларға жетеді деп жоспарлануда.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар