Қазақстан елшісі Қаратеңіз симпозиумында сөйледі

Түймебаев Қаратеңіз Халықаралық симпозиумына қатысты.

184121
Қазақстан елшісі Қаратеңіз симпозиумында сөйледі

Түркияның Гиресун Университеті Қаратеңіз стратегиялық зерттеу орталығы мен Еуразия Экономикалық байланыстар қоғамы тарапынан ұйымдастырылған 6-шы Қаратеңіз Халықаралық симпозиумы басталды.


Түрік ынтымақтастық және координация басқармасы ТИКА, Академия Еуразия және Қаратеңіз бен Каспий теңізі халықаралық ынтымақтастық және серіктестік қоры ұйытқы болған «Қаратеңізден Каспийге стратегиялық көзқарас» атты симпозиумға 11 елден көптеген ғалым, зерттеуші, журналист, маман және саясат қайраткерлері қатысты. Сонымен бірге Гиресун қала әкімі Хасан Карахан, Әзірбайжанның Түркиядағы өкілетті елшісі Фаиг Нусрет Багыров, Әзірбайжан Ұлттық мәжіліс депутаты Элдар Кулиев қатысты.


Конференцияда сөз сөйлеген Қазақстанның өкілетті және төтенше елшісі Жансейіт Түймебаев мемлекеттердің сыртқы саясат стратегиясын анықтауда энергия факторының маңызды екенін айтты. Мемлекеттердің экономикалық қауіпсіздігінің энергия көздерімен тікелей байланысының осының көрсеткіші екеніне назар аударған Түймебаев былай деді: «Энергия қауіпсіздігі тақырыбы аймақтық және жаһандық дағдарыстардың маңызды себептерінің бірі болады. Осының айғағы ретінде Таяу Шығыс және Солтүстік Африка аймақтарындағы қақтығыстарды көрсетуге болады. Сондықтан тек энергия шығаратын елдер емес, транзит елдер, тұтынушылар, энергия компаниялары сынды осы тізбектің әрбір түйіні ұйымшылдықпен жауапкершілікті көтеру керек. Осы аяда саяси, мәдени және экономикалық тұрғыдан Еуразияның орталығы болатын Қаратеңіз бен Каспий жағасындағы елдер бір-бірімен жақын болуы керек».

Түймебаев
Түймебаев аймақта 1990 жылдардың басынан бері жан-жақты ынтымақтастыққа бағытталған бастамалар бар екенін еске салып, «Қаратеңіз қойнауындағы елдер осы ынтымақтастық платформасында өз орындарын тапты. Қаратеңіз аймағындағы келіспеушіліктер аяқталады деп сенеміз» деді.


Гиресун Университеті ректоры, Профессор Айгүн Аттар да Каспий мен Қаратеңіз қойнауы энергия саясаты жөнінде мықты жұмыс жүргізілуі керектігін айтты. «Мемлекеттер қолдарындағы өнімді халықаралық нарыққа өздері шығарғысы келеді, халықаралық нарықта сатуды ойлайды. Осында мүдде қақтығыстары, бәсеке араға кіреді» деді ол.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар