Гаспыралы Астанада еске алынды

Түркі әлемі ойшылы Гаспыралыны еске алу үшін Астанада шара өткізілді.

175159
Гаспыралы Астанада еске алынды

Түркі әлемі ойшылы Гаспыралыны еске алу үшін Астанада шара өткізілді.


Түркі әлемінің ойшылы, зиялы қайраткері, реформашыл Исмаил Гаспыралы туылғанына 100 жыл толғанда Қазақстанның ел ордасы Астанада еске алынды.


Бейбітшілік пен келісім сарайындағы шарада бас қосқан Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан және Ресейден келген тарихшылар мен әдебиетшілер Гаспыралының өмірі, шығармашылық және қоғамдық қызметтері мен пікірлерін баяндады.


Алқалы жиында сонымен бірге түркі халықтарының бірлігі үшін атсалысқан Али Хүсейнзаде, Мехмет Емин Ресулзаде, Тұрар Рысқұлов мен Сұлтанбек Қожанов та еске алынды.


Астанадағы жиынға Түркия Республикасының Қазақстандағы өкілетті елшісі Өмер Бурхан Түзел де қатысты.


ЮНЕСКО 2014 жылды «Исмаил Гаспыралы жылы» ретінде жариялаған болатын.


«Тілде, пікірде, істе бірлік» принцибі аясында еңбектенген Гаспыралы 1883 жылы «Тержүман» газетін шығарып, газет арқылы түркі әлемінде ағарту қозғалысын бастатты.

Сурет Түркі академиясынан алынды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар