Түрікменстан елшісі Түрік академиясына барды

Түрікмендер Абайды өз тілдерінде сөйлетеді.

89888
Түрікменстан елшісі Түрік академиясына барды

Түрікменстанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Мақтұмқұлы Ақмырадов Астанада орналасқан Түркі академиясына арнайы келіп, академия президенті Дархан Қыдырәлімен кездесті.
Тараптар осы айдың соңында түрікменнің біртуар ақыны Мақтұмқұлы Пырағының 290 жылдық мерейтойын бірлесе атап өтуді талқылады. Мұндай шаралар екі елдің мәдени байланысын жандандырары анық. Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі келер жылы Түркі әлемінің мәдени астанасы болатын Түрікменстанның Мары қаласын зерделеу ойын білдірді. Сонымен қатар, академияның шығаратын «Түркі антологиясы» сериясына түрікменнің әйгілі қалы кілемі мен ақалтекесін енгізу жайы айтылды.
Бауырлас елдің елшісі болса, алдағы уақытта түрікмендер Абайды өз тілдерінде сөйлетуге дайындалып жатқандарын жеткізді. Мақтұмқұлы Ақмырадов сонымен қатар, Түркі академиясының кітапханасымен танысты.
Түркі академиясының баспасөз қызметі білдірді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар