Президент Ердоғанның  Минск сапары

Еуразия тынысы-47

613582
Президент Ердоғанның  Минск сапары

ББүгінгі бағдарламамызда Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанның Белоруссия сапарына тоқталамыз.

Президент Режеп Тайып Ердоған 11 қараша күні Белоруссияға бір күндік іссапармен барды. Президент Ердоғанды әуежайында Белоруссия премьер-министрі Андрей Кобяков  ресми салтанатпен қарсы алды. Кабинеттегі төрт министрмен бірге Минскке барған Ердоған Тәуелсіздік Сарайында Белоруссия Президенті Александр Лукашенкомен оңаша және делегациялар арасы кездесу өткізді. Кездесуде екі жақты және аймақтық тақырыптар қолға алынды. Тараптар екі ел сауда қарым-қатынастарының дамытылуы жөнінде бірдей  көзқараста болды. Кездесу аяғында ортақ хаттамамен бірге 9 келісім шартқа қол қойылды.

Қол қою рәсімінен кейін лидерлер ортақ баспасөз мәслихатын ұйымдастырды. Мәлімдеме жасаған Президент Режеп Тайып Ердоған екі ел сауда көлемінің 1 миллион доллар болуы керектігіне назар аударды және екі жақты сауда қарым-қатынастарында жергілікті ақшалардың қолданылуы жөнінде қажетті қадамдардың басылуы мүмкіндігін білдірді. 2017 жылының алғашқы жартысында екі ел үкіметтер арасы Аралас экономика комиссиясы жиналысын өткізетіндерін жариялаған Президент Ердоған осы зияратта жасаған шешімдер мен ымыраға барған мәселелерді бұдан кейін қадағалап отыратынын айтты.

Президент Режеп Тайып Ердоған Белоруссиядағы жағалықтарды қадағалап отырғандарын білдіріп, «Әлем аймақтық оқиғаларымен шайқалған бір кезеңде, Белоруссияның бейбітшілікті, тұрақтылықты және тыныштықты қорғауға бағытталған саясаттарына өте ризамыз. Халықаралық байланыстарда да Белоруссия бір жағынан бейтарап орнын қорғаса, енді бір жағынан аймақтық және жаһандық бейбітшілікке үлес қосуда. Белоруссияның осы қабілеттеріне Ресеймен болған қиыншылық процесте нақтылы куәгер болдық» деді.  

Зиярат аясында екі ел лидерлері Минскте қайтадан салынған Орталық мешіттің беташарын жасады. Түркия Дін істері басқармасы тарапынан екі жылда бұрынғы қалпына үйлесімді түрде салынған мешіт Белоруссиядағы мұсылмандардың ғибадат ете алатын ең маңызды орталығы болу ерекшелігіне ие.

Одан кейін Лукашенко мен Ердоған Түркиядан 200, Белоруссиядан 300 кәсіпкер қатысқан Түркия-Белоруссия Бизнес форумына қатысты. Бұл Бизнес форумы соңғы кезеңде Белоруссияда ұйымдастырылған ең үлкен іс-шара ретінде тарихқа жазылды. Бизнес форумынан кейін Ердоған Түркияға оралды.

Президент Ердоғанның Белоруссия сапары Түркиядан президент деңгейінде жасалған алғашқы зиярат болуы тұрғысынан өте маңызды. Белоруссияның тәуелсіздігін бірінші рет таныған Түркияның Белоруссиямен қарым-қатынастары ұзынынан сүйіндіретініне кәміл сенеміз. Белоруссия Президенті Лукашенко 2010 жылы Түркияға зиярат жасағаннан кейін екі ел қарым-қатынастары жаңа көкжиек аша бастады. Президент Александр Лукашенко биыл сәуір айында Стамбулда ұйымдастырылған Ислам ынтымақтастық ұйымы саммитіне қатысып, Түркияға екінші рет келді.

Түркия мен Белоруссия қарым-қатынастары «Ұшақ дағдарысына» қарамастан тұрақты түрде жалғасты. Ресейдің Түркияға жасаған санкцияларына қарсы шыққан Белоруссия Түркия мен Ресейдің дәнекері болуға тырысты. Президент Ердоған осы жолғы Минск саммитінде осы жағдайды атап өтті. 

Ердоғанның Белоруссия зияратынан кейін екі ел қарым-қатынастарының тіпті де жақсаратыны сөзсіз. Минскте жаңа Түрік елшілік ғимаратының салынуы, ұшақ рейстерінің арттырылуы, саны 50-ден көп болған түрік фирмаларының Белоруссияда екі есеге көбейтілуі және Түркияда Белоруссия тракторы баста болып Белоруссия көліктерін өндіретін ортақ фабрикалардың құрылуы алдымыздағы жылдарда жүзеге асырылады. Екі ел қарым-қатынастарының дамытылуы ретінде өткен жылы 204 мың болған Белоруссия турист санының 1 миллионға дейін көбеюіне мүмкіндік жасалады.

Екі ел арасындағы сауда көлемі өткен жылы 400 миллион долларға дейін шегінді. Президенттер нысаналаған 1 миллиард долларлық сауда көлемі аталмыш ортақ фабрикалардың құрылуы және түрік фирмаларының Белоруссиямен жұмыс істеуімен жүзеге асырылады.

Минскте беташары жасалған Орталық мешіт жергілікті татар халқы мен Белоруссия мұсылмандарының иесіз емес екенін көрсету тұрғысынан да өте маңызды. Белоруссия тарихындағы ең үлкен Бизнес форумының бірі болған Түркия-Белоруссия Бизнес форумының да екі жақты қарым-қатынастардың дамытылуы үшін де маңызды.

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар