Қырғызстан мен Өзбекстан ынтымақтастығы

Еуразия тынысы 45

613474
Қырғызстан мен Өзбекстан ынтымақтастығы

Қырғызстан - Өзбекстан арасындағы ынтымақтастық соңғы кезеңде қалаған деңгейде емес еді. Екі ел арасында мәңгі достық келісіміне қол қойылғанына қарамастан саяси, аймақтық және шекара мәселелері себепті екі ел ынтымақтастығы әбден әлсіреген болатын. Соңғы екі айдан бері ынтымақтастықтың қайтадан жанданғанына куә болып отырмыз. Алдымен екі жақты ынтымақтастықтың жандануына себеп болған жаңалықтарға хронологиялық тұрғыдан көз жүгіртейік.

24 маусым күні Ташкентте жүзеге асқан Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммиті аясында Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев сол кездегі Өзбекстан президенті Ислам Каримовпен кездескен болатын. Бас қосуда басшылар екі жақты ынтымақтастықта күнделікті тақырыптарды қолға алып, өзара экономикалық ынтымақтастықты арттыратын шаралардың маңызы мен саяси келіссөздерді қайта бастау керектігіне назар аударған еді.

Тамыз айында Қырғызстан Ташкент өкілетті елшісін өзгертті. Қырғызстанның жаңа Ташкент өкілетті елшілігі қызметіне Данияр Сыдыков тағайындалды.

3 қыркүйек күні Ислам Каримовтың Самаркандта өткен жаназа рәсіміне Қырғызстанның премьер-министрі Сооронбек Жиенбеков қатысты. Жаназа рәсімінің артынан Жиенбеков Өзбекстан премьер-министрі Шавкат Мирзиёевпен кездесті. Әңгіме барысында министрлер тарапынан сауда және экономикалық ортақтықтың келешегі, ауылшаруашылығы салаларында ынтымақтастық, шекара мәселелері және қатынас инфрақұрылымдары тақырыптары қолға алынды.

15 қыркүйек күні Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Өзбекстан Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камиловты қабылдады. 16 қыркүйек күні болса Қырғызстан Республикасы сыртқы істер министрілі ғимаратында Қырғызстан мен Өзбекстан сыртқы істер министрлері Ерлан Абдылдаев пен Абдүлазиз Камилов басқосты.

2016 жылы 1 қазан күні Өзбекстан Республикасының ресми шақыруымен Қырғызстан премьер-министр орынбасары Мұхаммедқали Абдулгазиев басшылығындағы Қырғызстан делегациясы Андижан қаласына барды. Сапар аясында екі елдің шекаралас үш аймағы арасында екі жақты ынтымақтастық тақырыбында ортақ келісім жасалды. Келісімге Қырғызстанның Ош, Баткен және Жалалабад аймақ басшылары мен Өзбекстанның Андижан, Ферғана және Наманган аймақ басшылары қол қойды.

26 қазан күні болса Өзбекстан делегациясы Қырғызстанға сапар ұйымдастырды. Өзбекстан премьер-министрі орынбасары Адхам Икрамов басшылығындағы қалың өзбек делегациясы Ош қаласына барды. Премьер-министрлердің басшылығында делегация аралық жиналыстар болып өтті. Ош қаласында Қырғызстан мен Өзбекстан арасында оқу мен мәдениет салаларында ынтымақтастықты жетілдіру жөніндегі меморандумдарға қол қойылды. Екі жақты сапарлар кезінде мәдени іс-шаралар ұйымдастырылды.

Қырғызстан шекара қолбасшылығы 1 қазан күнінен бастап, Өзбекстан шекара қызметкерлерінің шекарадан өту ережесін жеңілдеткенін және соңғы күндері шекарадан өткендер санының екі есе артқанын жариялады.

10 қазан күні Өзбекстан  Орталық сайлау комиссиясы 2016 жылы 4 желтоқсан күні Өзбекстан Республикасы президенттік сайлаулары үшін қырғыз делегациясын халықаралық бақылаушы ретінде қатысуға шақырды.

Қырғызстан Мемлекеттік шекара қызметінің қоғаммен байланыс бөлімшесі 18 қазан күні Өзбекістан полициясының дау-дамайлы Унгар-тау аймағынан кері шегінгенін білдірді.

19 қазан күні Қырғызстан сыртқы істер министрі Ерлан Абдылдаев пен Өзбекстан Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов Ташкентте басқосты. Ислам Ынтымақтастық Ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің 43-ші жиналысы аясында жүзеге асқан басқосуда екі ел сыртқы істер министрлері күнделікті мәселелердің соңғы жағдайы, Қырғызстан мен Өзбекстан арасындағы екі жақты ынтымақтастықты одан әрі жетілдіру және күшейту тақырыптарын талқылады. Жиналыстың соңында маңызды бір құжат ретінде аталған «2016-2017 Сыртқы істер министрліктері арасында ынтымақтастық бағдарламасына» қол қойылды. 25 қазан күні президент Алмазбек Атамбаев пен Өзбекстан премьер-министрі және уақытша президенттік міндетін атқарған Шавкат Мирзиёев  телефонмен әңгімелесті. Басшылар екі жақты ынтымақтастықты жетілдіру тақырыбында келісті.

Тарихы, діні, тегі және болашағы ортақ екі бауырлас халық арасындағы ынтымақтастықты жетілдіру бастамасын тек қана аймақ халқы емес, барша мақтан тұтты. Негізінде осылай болуға тиісті емес пе? 32 миллион тұрғынымен Өзбекстанның аймақтық мәселелерде және көршілерімен ынтымақтастығында одан белсенді және жасампаз бір саясат жүргізуі баршаның мүддесіне. Соңғы кезеңдегі бұл жаңалықтар аймақтың болашағына одан сенімді қарауға ықпал етеді. Өзбекстанның бұл саясатты жалғастырып, аймақтың әсіресе де Ферғана алқабының мәселесіне дауа болатынына үміттенеміз. Өзбекстанның қысқа уақытта Түрік Республикаларының халықаралық ұйымдарына қосылып әрі бауырлары, әрі өзіне үлес қосуын тілейміз.



Ұқсас жаңалықтар