Еуразия тынысы 81

Уфада жүзеге асқан «BRІCS» (БРИКС) саммиті

382812
Еуразия тынысы 81

Ресейдің кезекті төрағалығында 7-ші рет ұйымдастырылған BRICS (Брезилия, Ресей, Үндістан, Қытай және Оңтүстік Африка) басшылар саммиті Ресейге қарасты Башқұртстан Республикасының астанасы Уфада «BRІCS мемлекеттерінің ынтымақтастығы Жаһандық өркендеудің мықты факторы» ұранымен өтті. Ресей президенті Владимир Путиннің қонақжайлығында 8-9 шілде күндері жүзеге асқан саммитке Бразилия президенті Дилма Русеф, Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди, Қытай мемлекет басшысы Си Цзиньпин және Оңтүстік Африка президенті Джейкоб Зума қатысты.
Екі күндік BRІCS жиналысының алғашқы күнінде мүше мемлекеттер Жаңа Өркендеу Банкінің жұмысымен байланысты бір келісімге қол қойды. Банктің алғашқы Атқару комитеті басшысы ретінде орыс Қаржы министрі Антон Силуанов және төрағасы ретінде Үндістаннан Кундапур Ваман Каматх тағайындалды. Журналисттерге мәлімдеме жасаған Каматх алғашқы алты айдың ішінде ұсынылатын жобалардың банктің мақсаты бағытында инфрақұрылымдық базасы болатынын, банктің 2016 жылдың сәуір айынан бастап несие беретінін атап көрсетті.
BRICS мүше мемлекеттерінің орталық банктері болса топ құрамында 100 миллиард доллар капиталмен бір құтқару фонды құруды қамтыған бір келісімге қол қойды. Ресей Орталық Банкі жасаған мәлімдемеге қарағанда құтқару фондының мақсатының BRICS мемлекеттерін валюта нарықтарындағы 'шайқалыстар' мен 'шоктардан' қорғау. Ресей Орталық Банк төрайымы Эльвира Набиуллина құтқару фондының 30 шілде күні іске қосылатынын білдірді.
Саммиттің екінші күні мемлекет басшыларының басқосуы жүзеге асты. BRICS Саммитінде сөз алған Ресей президенті Владимир Путин «Іскерлермен кездесулерімізді өткіздік және 50 жоба орын алған бір жол картасы дайындауды ұсындық. Бұл жобалар арасында Энергия Одағы, Халықаралық энергия зерттеу орталығы және Өнеркәсіп Одағының құрылуы жоспарланады» деді. Путин елінің Үндістан және Оңтүстік Африкамен жүргізілген сауданың ұлттық валютамен жүргізілуін ұсынды. Бразилия мемлекет басшысы Дилма Русеф BRICS-тің IMF-ке қоса халықаралық мекемелердегі өкілдіктерін арттыру керектігін атап айтты. Русеф «BRICS-тың халықаралық мекемелер үстінде салмағын арттыруы басты жұмысымыз болуға тиісті. Келесі жылы өтетін саммитте осы тақырыпта жұмыстануымыз керек» деді.Саммитте сөз алған Қытай басшысы Си Цзиньпин BRICS мемлекеттері арасындағы барлау ынтымақтастығын арттыру керектігін атап айтты.
Басшылар саммиттің соңында 77 баптан тұратын 50 беттік ортақ декларацияға қол қойды. BRICS саммитін қадағалаған 1 мың 700 баспасөз қызметкеріне саммит туралы брифинг берілді.
BRICS Саммитінің соңында басшылар тарапынан қабылданған ортақ декларацияда алға шыққан тақырыптар былай: Басшылар Сирия әкімшілігі мен оппозиционерлердің Мәскеуде қайтадан басқосуы жайлы ортақ пікірді қолдады. ДАИШ пен Эл-Нусра террор ұйымдарының Орташығыстағы жауыздығын айыптады. BRICS басшылары Украина дағдарысының шешімі үшін Минск келісіміне назар аударды. BRICS 2015 декларациясында басшылар энергия резервтерінің түрлендірілуі және ұзақ мерзімді энергия тасымалдауын арттыру үшін бірін-бірі қолдайтынын атап көрсетті.
9 шілде кеші BRICS пен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы басшылары үшін қонақасы берілді. Осында сөз алған Путин BRICS, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы және Еуразия Экономикалық Одағы мемлекеттерінің мықты экономикалық қадам басуы үшін резервтерін, адам күшін және нарықтарын біріктіру керектігін атап айтты.
* * *
Ресейдің қонақжайлығында өткен 7-ші BRІCS Саммиті мүше мемлекеттердің өз мақсаттары бағытында мықты қадамдар басқанын көрсетті. Ұйымның Өркендеу банкі келесі жылы ресми түрде жұмысын бастауға дайындалады. Көп полярлы әлем қалайтын және бүкіләлемдік жүйенің өздеріне әділетсіздік жасағанын алға тартқан ұйым мүшелері аймақтық ынтымақтастықты да жетілдіруде. Өткен жылы Бразилияда Латын Америка мемлекеттерімен басқосқан BRІCS басшылары биыл Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы және Еуразия Экономикалық Одағына мүше мемлекеттермен басқосты. Уфада жүзеге асқан саммиттің мақсатына жеткенін айтуға болады.



Ұқсас жаңалықтар