Түркияның шоколад экспорты 11 пайызға артты

Түркия ең көп шоколад экспорттайтын 10 елдің қатарында.

2237146
Түркияның шоколад экспорты 11 пайызға артты
koln cikolata fuari.jpg
koln cikolata fuari.jpg

Түркия ең көп шоколад экспорттайтын 10 елдің қатарында. Түркиядан 185 елге шоколад экспортталады. Сектордың экспорттық кірісі 2,2 миллиард долларды құрайды. 2024 жылы экспорт 11 пайызға артқан. 2025 жылға арналған экспорттық кіріс жоспары 4 миллиард доллар.

Түркия осы саладағы жетістіктерін өзі қатысқан халықаралық жәрмеңкелер арқылы әлемге таныстыруда. Германияның Кельн қаласында өтіп жатқан 54-ші Халықаралық шоколад және кондитерлік өнімдер жәрмеңкесінде түрік өнімдері тәтті әуесқойларына ұсынылды. Жәрмеңкеге 70 елден 1500 фирма қатысты. Түркиядан 98 фирма қатысып, ең көп фирма қатысқан елдердің бірі болды. Жәрмеңке сәрсенбіге дейін жалғасады.



Ұқсас жаңалықтар