"BBC" 130 қызметкерін жұмыстан босатады

Ұйымның мәлімдемесінде үнемдеу қажеттілігі артқаны атап өтілді.

2236045
"BBC" 130 қызметкерін жұмыстан босатады

Британдық «BBC World Service» медиа ұйымы 130 қызметкерін жұмыстан босататынын жариялады.

Ұйымның мәлімдемесінде ғаламдық медиа кеңістігінің барған сайын бәсекеге қабілетті бола түскені және үнемдеу қажеттілігі артқаны атап өтілді.

Мәлімдемеде «BBC» келесі қаржы жылында қажет 6 миллион фунт стерлингті үнемдеу үшін шамамен 130 вакансияны қысқартуға мәжбүр екені айтылды.


Этикеттер: #қызметкер , #медиа , #ұйым , #BBC

Ұқсас жаңалықтар