«Coca-Cola» кейбір сусындарын қайтып алады

Бұл өнімдер Бельгиядан басқа  Нидерланды, Англия, Германия, Франция және Люксембургке де жіберілген.

2235225
«Coca-Cola» кейбір сусындарын  қайтып алады

Америка Құрама Штаттарында орналасқан «Coca-Cola» алкогольсіз сусындар бренді кейбір Еуропа елдерінде сатылған, құрамында хлорат мөлшері жоғары екені анықталған сусындарды кері қайтарып алады.

Бельгияның азық-түлік тізбегінің қауіпсіздігі жөніндегі федералдық агенттігі (FASFC) хлорат мөлшерінің шамадан тыс болуына байланысты «Coca-Cola Europacific Partners Бельгия» шығарған бірнеше өнімді кері қайтарып алу туралы шешім қабылдағанын хабарлады.

Мәлімдемеде тұтынушыларға аталған өнімдерді тұтынбаулары ескертіліп, өнімдерді сату орындарына қайтаруға болатыны айтылды.

Бельгиялық баспасөздің хабарлауынша, кері қабылданатын «Coca-Cola» өнімдері қараша айынан бері Бельгияның Гент қаласындағы мекемеде шығарылған.

Бұл өнімдер Бельгиядан басқа  Нидерланды, Англия, Германия, Франция және Люксембургке де жіберілген.



Ұқсас жаңалықтар