АҚШ-қа экспорт артты

Бұл туралы Түркия Экспортшылар ассамблеясы мәлімдеді.

2232464
АҚШ-қа экспорт артты

Өткен жылы Түркия экспортын ең көп арттырған ел Америка Құрама Штаттары (АҚШ ) болды. Бұл елге  13 миллиард доллардан астам экспорт жасалды.

Түркия Экспортшылар ассамблеясының мәліметтеріне қарағанда өткен жылы Түркия экспортын ең көп  арттырған ел АҚШ болған. Түркияның бұл елге экспорты алдыңғы жылмен салыстырғанда 1 миллиард 256 миллион долларға артқан.

Экспорт өсімі бойынша АҚШ-тан кейін Ұлыбритания (1 миллиард 254 миллион доллар), Румыния (997,9 миллион доллар), Ирак (958,8 миллион доллар) және Италия (879,2 миллион доллар) келеді.

Түркия өткен жылы АҚШ-қа 13,4 миллиард доллар, Ұлыбританияға 12,7 миллиард доллар, Италияға шамамен 12 миллиард доллар, Иракқа 10,7 миллиард доллар және Румынияға 7,5 миллиард долларлық өнім экспорттаған.



Ұқсас жаңалықтар