Мехмет Шимшек Лондонда инвесторлармен кездесті

Министр Лондонда «Bank of America» ұйымдастырған Түркия конференциясында инвесторларға түрік экономикасы туралы баяндады.

2231357
Мехмет Шимшек Лондонда инвесторлармен кездесті

Қазына және қаржы министрі Мехмет Шимшек Лондонда «Bank of America» ұйымдастырған Түркия конференциясында инвесторларға түрік экономикасы туралы баяндады. 2018 жылдан бері алғаш рет өткізілген шараға 250-ден астам инвестор қатысты. Министр Шимшек түрік экономикасын, оның негізгі саясат басымдықтары мен құрылымдық трансформация мақсаттарын жеткізді.

Шимшек биыл да инфляция төмендейтініне және Түркияның негізгі сауда серіктестерінің өсетініне назар аударды.

«Еуропадағы импорт азайған кезеңде біз нарықтағы үлесімізді арттыра алдық. Сондықтан Еуропадағы экономикалық әрекеттілік нарықтағы үлесіміздің ұлғаюымен бірге елімізге маңызды мүмкіндіктер ұсына алады», - деді министр.

Министр Шимшек Түркияның  геосаяси шиеленістерге, саудадағы протекционистік тенденцияларға қарсы төзімді құрылымға және Түркияның аймақтық ұстанымын одан әрі нығайтуда көптеген артықшылықтарға ие екенін айтты.

«Біз құрылыс және мердігерлік секторында мықтымыз. Бейбітшілік орнату арқылы біз Украина, Ливия, Йемен, Газа және Сирияны қалпына келтіруде жетекші рөл атқара аламыз», - деді министр баяндамасында.

Түркияның қорғаныс өнеркәсібіндегі мүмкіндіктермен тез өсіп келе жатқан актер екеніне, елдің туризм және сауықтыру туризміндегі әлеуетіне, сонымен қатар энергия және балама көлік дәліздерінде маңызды аймақтық орталық мәртебесіне назар аударды.



Ұқсас жаңалықтар