Бенгазиге Стамбулдан рейс басталды

Түрік авиакомпаниясының ұшағы бүгін таңертең Стамбул әуежайынан Бенгазиге ұшты.

2230423
Бенгазиге Стамбулдан рейс басталды

Түрік Әуе жолдары (THY) 10 жылдық үзілістен кейін Стамбул-Бенгази рейстерін қайта бастады.

Түрік авиакомпаниясының ұшағы бүгін таңертең Стамбул әуежайынан Бенгазиге ұшты.

Ұшақтағы жолаушылар 2,5 сағаттық жолдан кейін Бенгазидегі Бенина халықаралық әуежайына қонды.  Жолаушыларды қызметкерлер мен лауазым иелері гүл шоқтарымен қарсы алды.

Әуежайда сөз сөйлеген авиакомпания бас директоры Билал Екши Түрік Әуе жолдарының 6 құрлықтағы 131 ел және 352 бағытпен ең көп елге және халықаралық нүктеге рейс ұйымдастыратын әуе компаниясы екенін айтты.

Ол  Бенгази жолаушыларын аптасына үш рет игерілетін рейстермен әлеммен байланыстыруға қуанышты екендерін білдірді.

Бенгазиге рейс аптасына үш күн игеріледі.



Ұқсас жаңалықтар