Түркияның қаржы әлеуеті күшеюде
Стамбул Қаржы Орталығы жаңа келісімдерге қол қойды.

Түркияның жаһандық қаржы нарығындағы позициясы күшейіп келеді. Қаржы секторының жүрегі саналатын СтамбулҚаржыОрталығы жаңа ынтымақтастықтар арқылы одан әрі дамып келеді. Соңғы кезде әлемдегі ең ірі 35-ші экономика саналатын Гонконгпен әріптестік орнатылды. Гонконгтың ҚаржылықҚызметтердіДамытуКеңесімен (Hong Kong Financial Services Development Council) ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Мақсат – ортақ жобалар арқылы қаржы секторына жаңа мүмкіндіктер ұсыну.
Гонконг секілді беделді қаржы орталығымен мұндай серіктестік СтамбулҚаржыОрталығының халықаралық аренада танымал болуына және жаһандық инвесторлар үшін тартымды орталыққа айналуына ықпал етеді.
Келісім аясында қаржы орталықтары арасында білім мен тәжірибе алмасу жүзеге асырылады.
Халықаралық қаржы қызметтері мен өнімдеріне қатысты ақпарат алмасу ұйымдастырылады.
Ортақ жұмыс алаңдары құрылып, технология саласында ынтымақтастық жасалады.
Бұл келісім арқылы СтамбулҚаржыОрталығы Түркияның жаһандық қаржы әлеміндегі рөлін одан әрі нығайтады.
Ұқсас жаңалықтар

Түркияның өнеркәсіптік өндірісі артты
Түркия Статистика мекемесі өнеркәсіптік өндіріс индексі нәтижелерін жариялады.