Еуропа елдеріне рейс басталады
Иран шенеунігі бұл сапарды «Iran Air Tours» әуе компаниясы жүзеге асыратынын атап өтті.

Иранның Азаматтық авиация ұйымының басшысы Хоссейн Пурферзане Еуропаға рейстер 31 қаңтарда басталатынын айтты.
Иранның «IRNA» ресми ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Пурферзане баспасөз мәслихатында мәселеге қатысты ақпарат берді. «31 қаңтарда Тегеран-Париж рейсі арқылы Еуропаға бағытталған рейстер қайта басталады», - деді Пурферзане.
Иран шенеунігі бұл сапарды «Iran Air Tours» әуе компаниясы жүзеге асыратынын атап өтті.
Еуропа Одағы 14 қазанда ұшқышсыз ұшатын аппараттар мен зымырандар Ираннан Ресейге тасымалданды деген сылтаумен Ирандағы кейбір тұлғалар мен ұйымдарға, соның ішінде әуе компанияларына санкция салған еді.
Иран Азаматтық авиация ұйымының баспасөз хатшысы Кафер Язерлу осы шешімнен бір күн өткен ирандық әуе компанияларының Еуропа елдеріне рейстерінің тоқтатылғанын хабарлаған болатын.