Түрік лосось балығының экспорты өсті
Лосось экспорты алдыңғы жылға қарағанда 26 пайыз артып, 497 миллион 968 мың 66 долларға жетті.
![Түрік лосось балығының экспорты өсті](http://cdn.trt.net.tr/images/xlarge/rectangle/03ff/a3c0/009c/677e732918ea2.jpg?time=1736949745)
2024 жылы Түркияның лосось экспорты алдыңғы жылға қарағанда 26 пайыз артып, 497 миллион 968 мың 66 долларға жетті.
Шығыс Қаратеңіз экспорттаушылар қауымдастығының мәліметтеріне сәйкес ішкі суларда құрылған фермаларда белгілі бір салмаққа жеткеннен кейін Қаратеңіздегі торларға көшіру арқылы өсірілген түрік лососьінің экспорты 396 миллион 294 мың болды. 2023 жылы 502 доллар болса, 2024 жылы 497 миллион 968 мың 66 долларға жеткен.
Экспорт сан жағынан 63 мың 158 тоннадан 78 мың 76 тоннаға өсті. Мәселен өткен жылғы экспорт одан алдыңғы жылмен салыстырғанда сан жағынан 24 пайызға, құн жағынан 26 пайызға өскен.
Өткен жылы түрік лососьі Ресей Федерациясымен бірге 46 елге сатылды.
Аталған кезеңде Ресей Федерациясына 355 миллион 685 мың 203 долларлық 58 мың 342 тонна лосось экспортталған. Ресей Федерациясынан кейін Германия және Вьетнам бар.
Өткен жылы Шығыс Қаратеңізден 21 елге 191 миллион 455 мың 378 долларлық 30 мың 971 тонна лосось экспортталған.
Ұқсас жаңалықтар
![Бенгазиге Стамбулдан рейс басталды](http://cdn.trt.net.tr/images/medium/rectangle/e7e9/a566/1071/67864c7f5a93d.jpg?time=1736949745)
Бенгазиге Стамбулдан рейс басталды
Түрік авиакомпаниясының ұшағы бүгін таңертең Стамбул әуежайынан Бенгазиге ұшты.