Күн энергиясын қолдануда Германияның жетістігі

Германияда күн энергиясы өткен жылы елдің электр тұтынуының шамамен 14 пайызын қамтамасыз етті.

2227643
Күн энергиясын қолдануда Германияның жетістігі

 

Еуропадағы энергия тұтыну көлемі ең жоғары ел саналатын Германияда күн энергиясы өткен жылы елдің электр тұтынуының шамамен 14 пайызын қамтамасыз етті.

Германияның Күн энергиясы одағы елдің күн энергиясы саласына қатысты есеп жариялады.

Есепте 2024 жылы Германияның күн энергиясына негізделген жалпы орнатылған қуаты алдыңғы жылмен салыстырғанда 10 пайызға артқаны атап көрсетілген. Өткен жылы елдің электр желісіне қуаты 17 гигаваттан асатын шамамен 1 миллионнан астам күн энергиясы жүйесі қосылды.

Германияның күн энергиясына негізделген орнатылған қуаты бірінші рет 100 гигаваттық тарихи межеден асты. Ал елдің электр тұтынуының шамамен 14 пайызы өткен жылы дәл осы күн энергиясынан өндірілді.

Қуат өсіміндегі ең үлкен үлес тұрғын үй секторындағы күн панельдерін орнату нарығына тиесілі болды. Бұл сектор бір жыл ішінде 40 пайызға ұлғайып, 6,3 гигаваттық жаңа қуат қосылды.

Германия 2030 жылға қарай күн энергиясы саласында 215 гигаваттық орнатылған қуатқа қол жеткізуді көздеп отыр.



Ұқсас жаңалықтар