Түрік Әуе жолдары ұшқыш қабылдайды
Қабылданған кандидаттар 2 жыл бойы оқудан өтеді.
2226657

Түрік Әуе жолдары (THY) жұмысқа ұшқыш қабылдайды.
1995 жылдың 1 қаңтары мен 2004 жылдың 31 желтоқсаны аралығында дүниеге келген, бакалавриат түлектері екінші ұшқыш үміткерлер үшін жарияланған хабарландыруға өтініш бере алады.
Қабылданған кандидаттар 2 жыл бойы оқудан өтеді. Үміткерлер сонымен қатар оқу барысында жалақы, баспана, тамақ ақысы, сақтандыру және жеңілдік билеттерін пайдалана алады.
Екінші ұшқыш болу үшін өтінімді «kariyer.thy.com» арқылы жіберуге болады.