«Түркияның туризм саласындағы тәжірибесін қолданғымыз келеді»
Венесуэла Туризм министрі Летисия Гомес Түркияның туризмде үлкен тәжірибесіне назар аударып, осы саладағы түрік инвесторларын өз еліне шақырды.
Венесуэла Туризм министрі Летисия Гомес Түркияның туризмде үлкен тәжірибесіне назар аударып, осы саладағы түрік инвесторларын өз еліне шақырды.
Измирде өткен Халықаралық туризм сауда жәрмеңкесі мен конгресіне қатысып, инвесторлар және компаниялармен кездескен Гомес Түркия мен Венесуэланың туризм саласындағы мақсаттарын баспасөзге хабарлады.
Гомес Венесуэлада туризмді дамыту және туристерді көбірек тарту үшін түрлі жұмыстар жүргізіліп жатқанын еске салды. Ол Түркияның туризм саласындағы жетістігін жоғары бағалап,
"Түркия әлемде ең көп турист қабылдайтын үшінші ел. Түркия мен Венесуэла арасында бауырластық қатынастар мен ынтымақтастық бар. Біз Түркияның туризм саласындағы тәжірибесін қолданғымыз келеді," – деді.
Гомес Венесуэланың туризм әлеуеті жоғары екенін атап өтті: "Биологиялық әртүрлілік бойынша әлемде 7-орындамыз. Бізде тек жағажай туризмі ғана емес, қысқы туризм мүмкіндіктері де мол. Халықаралық деңгейдегі қонақтарды қабылдай алатын кәсіби мамандарымыз бар. Мәдениет және туризм министрлігі және Түркия Саяхат агенттіктері одағымен (TÜRSAB) келісімдерге қол қойдық. Осы келісімдер арқылы елімізге турпакеттердің көбеюін көздеп отырмыз."
Министр Түркиядан Венесуэлаға апталық рейстер санының 13-ке дейін артатынын және виза талаптарының жойылуының үлкен артықшылық екенін айтты.