Шығыс Қаратеңіз аймағының экспорт кірісі артты

Бұл туралы Шығыс Қаратеңіз экспорттаушылар қауымдастығы мәлімдеді.

2216485
Шығыс Қаратеңіз аймағының экспорт кірісі артты

Ағымдағы жылдың қаңтар-қараша кезеңінде Трабзон, Ризе, Артвин және Гүмүшхане қалаларының экспорт кірісі 1 миллиард 554 миллион 612 мың 362 долларға жетті.

Шығыс Қаратеңіз экспорттаушылар қауымдастығы басқарма төрағасының орынбасары Ахмет Хамди Гүрдоған жазбаша мәлімдемесінде аймақ экспорттының 11 айда 24 пайыз өскенін айтты.

Осы кезеңде ең көп экспорттаған жаңғақ (723 миллион 415 мың 736 доллар), су және мал шаруашылығы өнімдері (238 миллион 615 мың 817 доллар), кен мен метал (179 миллион 375 мың 999 доллар), жеміс пен көкөніс (162 миллион 404 мың 103 доллар), химиялық заттар мен өнімдері (37 миллион 861 778  доллар) секторлары болды. Гүрдоған осы кезеңде аймақ өнімдерінің 146 елге экспортталғанына назар аударды.

Гүрдоған аймақтан ең көп экспорт жасаған алғашқы 5 елдің Ресей Федерациясы, Италия, Германия, Грузия және Қытай екенін мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар