Қазан айында экспорттың әлеуеті артты

Түркияның қазан айындағы экспорты 23,5 миллиард долларды құрады.

2214849
Қазан айында экспорттың әлеуеті артты

Түркия Статистика Инитстуты қазан айының уақытша сыртқы сауда деректерін жариялады.

Деректерге сәйкес экспорт кірісі қазан айында өткен жылдың сәйкес айымен салыстырғанда 3,1 пайыз артып, 23 миллиард 500 миллион долларға жеткен.

Экспортта өңдеу өнеркәсібінің үлесі 93,3, ауыл, орман және балық шаруашылығы саласының үлесі 3,6, тау-кен өнеркәсібі мен карьер секторының үлесі 2,5 пайызды құрады.

Қазан айында 1 миллиард 795 миллион доллар экспортпен Германия бірінші орынға шықты. Артынан 1 миллиард 562 миллион долларлық тауар Америка Құрама Штаттарына, 1 миллиард 294 миллион долларлық тауар Ұлыбританияға, 1 миллиард 236 миллион долларлық тауар Иракқа, 1 миллиард 159 миллион долларлық тауар Италияға экспортталды. Алғашқы 5 елге жіберілген экспорт жалпы экспорттың 30 пайызын құраған.



Ұқсас жаңалықтар