Қаратеңіз су өнімдерінің экспорты артты
Бұл туралы Шығыс Қаратеңіз экспорттаушылар қауымдастығының басқарма төрағасы мәлімдеді.
Қаратеңіз су өнімдері экспортынан жылдың алғашқы 10 айында түскен кіріс өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22 пайыз артты.
Шығыс Қаратеңіз экспорттаушылар қауымдастығының басқарма төрағасы Сафет Калионжу қаңтар-қазан айларында Қаратеңізден 31 елге 49 мың 811 тонна су өнімдері сатылғанын мәлімдеді.
Экспорттан 313 миллион 952 мың 250 доллар кіріс алынғанын айтқан Калионжу 39 мың 245 тоннадан 257 миллион 714 мың 841 доллар кіріспен өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда саны жағынан 27 пайыз, құны жағынан 22 пайыз өскенін атап көрсетті.
Калионжу Ресей Федерациясына 150 миллион 897 мың 293 долларлық ең көп экспорт жасалғанын, одан кейін 32 миллион 160 мың 168 доллармен Нидерланды және 26 миллион 610 мың 369 доллармен Ұлыбритания үшінші орында тұрғанын білдірді.
Ұқсас жаңалықтар
Түркия мен Ирак арасындағы сауда көлемін 30 миллиард долларға жеткізу жоспарланды
«Түркия-Ирак Экономикалық және Сауда Ортақ Комитетінің» 1-ші отырысы болып өтті.
Шығыс Қаратеңіз аймағының экспорт кірісі артты
Бұл туралы Шығыс Қаратеңіз экспорттаушылар қауымдастығы мәлімдеді.