Түрік шайының экспорты артты

Түркия түрік шайының экспорты арқылы 10 айда 19,8 миллион доллардан астам табыс тапты.

2212430
Түрік шайының экспорты артты

 

Түркия түрік шайының экспорты арқылы жылдың алғашқы 10 айында 19,8 миллион доллардан астам табыс тапты.

 

Шығыс Қаратеңіз Экспортшылар одағы басқарма төрағасының орынбасары және Шай саласы комитетінің төрағасы Шабан Турғут Түркиядан қаңтар-қазан аралығында 118 ел мен автономды және еркін аймақтарға шай экспортталғанын айтты.

 

Осы кезеңде 4 мың 9 тонна шай экспортынан 19 миллион 811 мың 467 доллар табыс алынғанын атап өткен Турғут ең көп экспорттың 6 миллион 572 мың 863 доллармен Бельгияға жасалғанын хабарлады.

 

Турғут Бельгиядан кейін тізімде 3 миллион 165 мың 784 доллармен Ұлыбританияның, 1 миллион 516 мың 850 доллармен Солтүстік Кипр Түрік Республикасының келгенін жеткізді.

 

Түрік шайының экспорты жасалатын ел санының артқанына назар аударған Турғут: «Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда биыл елімізден Дубай, Гвинея-Бисау, Мавритания, Экваторлық Гвинея, Тунис, Куба, Мысыр, Бурунди, Орталық Африка Республикасы, Намибия, Сан-Томе және Принсипи, Буркина-Фасо, Джибути, Колумбия, Камбоджа және Словенияға да шай сатылды», – деді.



Ұқсас жаңалықтар