Түркияның Африка елдеріне экспорты артты
Түркияның Африка елдеріне эспорты биыл 15 миллиард доллардан асты.
Түркияның Африка елдеріне экспорты жылдың 10 айында 15 миллиард доллардан асты.
Түркия Экспортшылар ассамблеясының мәліметіне қарағанда Түркияның Африка елдеріне экспорты жылдың 10 айында 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,8 пайыз артып, 15,1 миллиард долларға жетті. Африкаға экспорт Түркияның жалпы экспортының 7 пайызын құрады. Африка Түркия экспорт жасайтын 12 ел арасында 6-шы орынды иеленді.
Түркия Африка құрлығына қаңтар-қазан айларында ең көп экспорттаған елдер: Мысыр 2,9 миллиард доллар, Марокко 2,5 миллиард доллар, Алжир 2 миллиард доллар, Ливия 1,9 миллиард доллар, Тунис 859,2 миллион доллар, Оңтүстік Африка 514 миллион доллар, Нигерия 482,1 миллион доллар, Джибути 343 миллион доллар, Гана 313 миллион доллар, Сенегал 301,1 миллион долларды құрады.
Ең көп экспорт 2,5 миллиард доллар химиялық заттар, 2,3 миллиард доллар жарма, бұршақ, майлы дақылдар мен өнімдер, 1,7 миллиард доллар болат, 1,2 миллиард доллар автомобиль өнеркәсібі, 1,1 млрд доллар электр және электроника салаларында жасалды.
Ұқсас жаңалықтар
Түркия мен Ирак арасындағы сауда көлемін 30 миллиард долларға жеткізу жоспарланды
«Түркия-Ирак Экономикалық және Сауда Ортақ Комитетінің» 1-ші отырысы болып өтті.
Шығыс Қаратеңіз аймағының экспорт кірісі артты
Бұл туралы Шығыс Қаратеңіз экспорттаушылар қауымдастығы мәлімдеді.