Түркияның Германияға экспорты артты
Экспорт өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,9 пайыз артқан.
2207749
Түркияның қазан айындағы Германияға экспорты 1,6 миллиард долларды құрады. Бұл қазан айындағы ең жоғары экспорт болды.
Түркия Экспортшылар одағы мәліметтеріне қарағанда Түркияның Германияға экспорты қазан айында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,9 пайыз артқан.
Осы кезеңде Түркия ең көп Германияға экспорт жасады. Германия сыртқы саудадағы көшбасшылық орнын сақтап қалды. Түркияның Германияға экспортында өнеркәсіп өнімдері алдыңғы орынға шықты. 445,3 миллион доллар табыспен ең көп экспорт автомобиль өнеркәсібінде жасалды.