Географиялық белгісі бар өнімдердің саны артты

«Mesir» пастасының тізімге қосылуымен Түркияның Еуропа Одағы деңгейінде танылған географиялық белгісі бар өнімдерінің саны 28-ге жетті.

2206093
Географиялық белгісі бар өнімдердің саны артты

Өнеркәсіп және технология министрі Мехмет Фатих Кажыр Маниса «Mesir» пастасының тізімге қосылуымен Түркияның Еуропа Одағы деңгейінде танылған географиялық белгісі бар өнімдерінің саны 28-ге жеткенін хабарлады.

 

Кажыр бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында "41 түрлі дәмдеуіштен дайындалған шипалы құрамымен және ғасырлық дәстүрімен біздің «Mesir» пастамыз мәдени мұрамыздың ең құнды дәмдері қатарында. Жергілікті даму шаралары арқылы Анадолының байлықтарын әлемге танытуды жалғастырамыз." деп жариялады.



Ұқсас жаңалықтар